
Кәсіби, әрі қолжетімді AI фотосессия
Кез келген стиль мен бейнедегі мінсіз фотосуреттер
Facee-де өз AI-фото бейнеңізді жасаңыз
Біздің AI арқылы қандай фото үлгісін жасауға болатынын көріңіз
Ұзын жеңді сәнді көйлек киген әйел сыйлық қорабын ұстап, орамасын ашып жатыр, қуанышты күйде камераға қарайды, айналасында көптеген әуе шарлары
Қызыл күрең барқыт фактуралы костюм киген ер адам колонналары бар бай қонақ бөлмесінде пианиноның жанында тұр. Оның көзі бір жаққа бағытталған, бір қолымен аспаптың қақпағына жеңіл тиіп тұр. Артқы жағында мәрмәр баспалдақ және алтын жалатылған рамалардағы үлкен картиналар көрінеді. Жұмсақ жарық,...
Жайлы жазықта палорайд стиліндегі фотосессия. Алтын шапан киген жас әйел, жеңіл күн сәулесіне малынып, фотоаппаратқа күлімдейді. Төменде кең дала көрініп, арты жұмсақ қызғылт-көк аспан.
Ақ халат пен мойнында фонендоскоп таққан әйел-дәрігер, ашық фонда ірі жоспар, тура камераға қарап тұр.
Қатаң блейзер мен минималды макияждағы әйел жұмсақ градиентті жарық аясында, тура камераға қарап тұр
Кешкі сәнді көйлек киген әйел қара атқа мініп отыр, айналада кешкі күн батуы мен ашық алқап көрінеді.
Жеңіл киімдегі әйел құм төбешігінде тұр, тура камераға қарайды, артында шөл дала мен күннің батуы көрінеді.
Жас жігіт алтын өрнекті ақ араб шапаны мен гутра бас киімін киіп, яхтаның палубасында тұр, артында Дубайдың биік ғимараттары көрінеді, көзі тура камераға бағытталған, жүзі байсалды әрі сенімді.
Ұзын юбка мен кестелі жейде киген әйел ақ аттың жанында тұр, артқы фонда ескі қамалдың тас қабырғасы көрінеді.
Ақ формадағы косметолог күлімсіреп пипетка мен флакон ұстап тұр, айналасында стерильді атмосфера, тура камераға қарап тұр.
Қара-ақ фотосурет: Классикалық тренч киген әйел биік орындықта отыр, қолдары тізесінде айқасқан, тура камераға қарап тұр, жарық киімнің сызықтарын ерекшелейді.
Әйелдің бетінің ірі жоспары, бетінің бір бөлігі нәзік қызғылт реңкті орхидея гүлдерімен жабылған. Терісі сепкілмен көмкерілген және жарқыраған қызғылт глиттермен безендірілген, ол ылғалды жарқырау әсерін береді. Қабақтарында глиттері бар қызғылт реңкті бояу. Жүзі тыныш, көзі тура қарап тұр. Жарық...
Ақ медициналық формадағы әйел тері күтімі құралын көрсетіп тұр, артында косметикалық сөрелер, тура камераға қарап тұр.
Ұзын көйлек пен былғары жамылғы киген әйел аттың мойнын сипап тұр, артында жасыл жайылым мен күн көрінеді.
Жылтыр, ұзын жеңді көйлек киген әйел қолында түрлі-түсті шарлар байламын ұстап тұр, күлімсіреп, камераға қарайды, артында мерекелік атмосфера
Жеңіл көйлектегі әйел атқораның жанында тұр, аттың басын нәзік сипап тұр, айналада сабан мен ағаш құрылымдар бар.
Ақ халаттағы косметолог криотерапия аппаратын көрсетіп тұр, артында стерильді медициналық кабинет, тура камераға қарап тұр.
Күн көзілдірігіндегі адам биік ғимараттың төбесінде тұр, камераға қарайды, артында түнгі қаланың панорамасы
Қала орталығындағы ашық аспан астындағы мейрамхана террасасында әйел нәзік гүлді өрнекті көктемгі сарафан мен жеңіл джинсы күртеше киіп тұр. Аяғында ашық түсті сәнді сандал, қолында қызғалдақтар шоғы бар. Ол күлімсіреп камераға қарап, артында қаланың түнгі шамдары мен жұмсақ көктемгі жел байқалады.
Мерекелік қалпақ киген әйел әуе шарлар байламын ұстап тұр, күлімсіреп, камераға қарайды, артында мерекелік безендірулер
Қара түсті тығыз топ пен сұр легинс киген әйел йога кілемшесінде планка жаттығуын орындайды. Оның қарасы төмен бағытталған, жүзі шоғырланған. Артында минималистік дизайндағы студия мен үлкен терезелер көрінеді. Жарық жұмсақ, екпін бұлшық еттері мен жаттығу техникасына қойылған.
Лаванда түстес көйлек киген әйел бұлақ үстіндегі ағаш көпірде тұр. Оның көзі төмен бағытталған, ал қолдары көпірдің қоршауын ұстап тұр. Артында гүлдеп тұрған бұталар мен мөлдір су көрінеді. Жарық жұмсақ, екпін бейнесінің жеңілдігі мен тыныштығына қойылған.
Графит түстес костюм, жилет және қолында алтын сағат таққан ер адам мәрмәрмен безендірілген ескі каминнің жанында тұр. Ол бір қолымен камин сөресіне сүйеніп, бір жаққа қарап тұр. Артқы жағында әдемі картиналар мен декор элементтері көрінеді. Жылы жарық, оның талғампаздығына назар аударылған.
Әйел жасыл алқапта, кең өрнекті көктемгі макси көйлек киіп тұр. Ол қолында көк-күлгін дала гүлдерінен жасалған шоқ ұстап, камераға күлімсіреп қарайды. Артында жап-жасыл жазық дала мен көгілдір аспан көрінеді.
Қара-ақ фотосурет: Жеңі түрілген классикалық жейде киген әйел үстел басында отыр, иегін қолымен тіреп, тура камераға қарап тұр.
Жас дәрігер әйел көк түсті медициналық формада, қолында қалам мен блокнот ұстап тұр, ашық бейтарап фонда, тура камераға қарап тұр.
Қысқа шаш үлгісі мен галстук таққан ер адамның ірі жоспары текстуралы сұр фонда, тура камераға қарап тұр
Жинақы түйілген шашы бар, көзілдірік таққан тәжірибелі әйел-дәрігер, фон ашық сұр, байыпты және сенімді көзқараспен тура камераға қарап тұр.
Алматының Көктөбе тауының етегінде әйел спорттық стильдегі ақ oversized свитер, қара леггинс және жеңіл кроссовка киіп, табиғат аясында тұр. Ол камераға күлімсіреп қарап, артқы фонда қала панорамасы мен тау көрінісі әсем үйлескен. Сурет көктемнің еркіндігі мен сергектігін бейнелейді.
Қараңғы фонда, жұмсақ жарықпен көмкерілген қара пиджак киген сақалды ер адам тура камераға қарап тұр
Фотосессия идеялары
Кез келген бейнені сынап көріңіз
Жасанды интеллект сіздің портреттеріңізді жасайды, оларды әлеуметтік желілерде қолдануға немесе естелік ретінде басып шығаруға мүмкіндік береді.








Нейрожелімен қалай фото жасауға болады?
Әсерлі фотолар жасауға арналған үш қарапайым қадам
1. Өз суреттеріңізді жүктеңіз
Кемінде 10 фотосуретіңізді таңдап, Facee-ге жүктеңіз. Осылайша нейрожелі сіздің сыртқы келбетіңізді есте сақтайды
2. Идеяңызды сипаттаңыз
Қандай фото алғыңыз келетінін айтыңыз. Мысалы: «Мен Гималай тауларының фонында күлімдеп, қолымда термос ұстап тұрмын». Неғұрлым дәлме-дәл сипаттасаңыз, соғұрлым жақсы нәтиже аласыз
3. Нәтижені тамашалаңыз
Нейрожелі сіздің сипаттамаңызға сәйкес 4 сурет жасайды. Сіз оларды жүктеп алып, өңдей аласыз
Не үшін Facee?
💸
Бағалы уақыт пен қаржы үнемi
Фотографты ұзақ іздеуді және қымбат фотостудияларды ұмытыңыз. Нейрондық желі сапалы фотосуреттерді тез және қол жетімді етеді
👗
Еш шектеусіз
Сіз стильдер мен көріністерді таңдауда шектелмейсіз, сондықтан сіз кез-келген идеяңызды жүзеге асыра аласыз
🛋
Ыңғайлы
Әдемі фотосуреттер түсіру үшін студияға барудың қажеті жоқ. Сізге тек интернет және сіздің құрылғыңыз қажет
Бағалар
Жасырын төлемдер мен жазылымсыз ашық бағалар
«Basic» пакеті
Жеңілдік 25%
- 25 сурет (генерациясы)
- 1 сіздің ЖИ моделіңіз
- Дайын сурет үлгісіндегі генерациялау
- Видео генерация
- 8 суреттке дейін параллелді генерация
- Кез келген стильде
- Кез келген фотосессия
- Сутаңбаларысыз
- Картаны байланыстырмай төлеу
- 4 фото кафеде
«Standart» пакеті
Жеңілдік 25%
- 50 сурет (генерациясы)
- 1 сіздің ЖИ моделіңіз
- Дайын сурет үлгісіндегі генерациялау
- Видео генерация
- 8 суреттке дейін параллелді генерация
- Кез келген стильде
- Кез келген фотосессия
- Сутаңбаларысыз
- Картаны байланыстырмай төлеу
- 4 сурет кафеде
«Premium» пакеті
Жеңілдік 25%
- 100 сурет (генерациясы)
- 1 сіздің ЖИ моделіңіз
- Дайын сурет үлгісіндегі генерациялау
- Видео генерация
- 8 суреттке дейін параллелді генерация
- Кез келген стильде
- Кез келген фотосессия
- Жылдам генерация
- Жоғары сапа
- Сутаңбаларысыз
- Картаны байланыстырмай төлеу
- 4 сурет резюмеге
- 4 портрет табиғатта
- 4 сурет ақ-қара түсті, студияда
- 4 сурет кафеде
Жиі қойылатын сұрақтар
Facee қалай жұмыс істейді?
Facee – сіздің кез келген бейнедегі нейрофотосуреттеріңізді жасай алатын қосымша. Жүктелген фотосуреттеріңізді тану және үйрену арқылы, нейрожелі сіздің шынайы суреттеріңізді жасап шығарады. Өзіңізді түрлі үлгілер мен киім кейпінде сынап көріңіз – фотографқа артық шығындалудың қажеті жоқ.
"Модельді жаттықтыру" дегеніміз не?
Модельді жаттықтыру – бұл жасанды желінің сіздің фотоларыңыз негізінде сурет жасауды үйрену процесі. Ол сіздің бет-әлпетіңізді, пропорцияларыңызды, стиліңізді және басқа да ерекшеліктеріңізді зертеу үшін, сіз жүктеген суреттерді талдайды.
Жөнделген фотосуреттерімді қалай алсам болады?
Біз фотоларды пошта немесе мессенджер арқылы жібермейміз. Фотосуреттер сайт қосымщасы арқылы өңделеді және де сол жерден жүктеп алынады. Төлем атқарылғаннан кейін пакетке кіретін барлық функциялар сізге қолжетімді болады.
Барлық фотолар менің түріме 100% ұқсас бола ма?
Егер модель дұрыс үйретілсе, фотолардың басым бөлігі сізге ұқсас болады. Біздің мәліметтеріміз бойынша, шамамен 70% сурет сапалы шығады, ал 5–10% ерекше сапалы болып шығады.
Төлем атқарылғаннан кейін токен саны есептелмей қалған жағдайда не істеймін?
Сіз өз аккаунтыңызға төлем жасалар кездегі поштамен қосылғаныңызға көз жеткізіңіз. Егер сатып алынған токендер әлі есептелмесе, тіркелу және төлем жасалған электрондық поштаңызды көрсетіп, біздің төменде көрсетілген поштамызға жазыңыз
Балалардың фотоларын жасауға бола ма?
Жоқ, біздің сервис балалардың фотоларын өңдеуге арналмаған. Модельді жаттықтыру тек 18 жастан асқан адамдардың фотосуреттерімен жүзеге асырылуы қажет.
Модельді жаттықтыру үшін қандай фотолар жарамды?
Ең жақсы нәтиже үшін тек сіз бейнеленген, әртүрлі ракурстағы, кемінде 15, жоғары сапалы суреттерді жүктеңіз. Кадрда бөгде адамдар немесе объектілер болмауы керек.
Модельді жаттықтыру қанша уақыт алады?
Жаттықтыру процессі, сервер жүктемесіне байланысты, 15-30 минут аралығын қамтиды. Процесс аяқталғаннан кейін сізге пошта арқылы хабарлама жіберіледі.
Өзімнің нейро фотосуретімді қалай жасаймын?
Модельді жаттықтыру аяқталғаннан кейін қалаған идеяңызды сипаттап жазыңыз. Мысалға: «Мен теңіз жағасында, әдемі ақ көйлек үлгісінде, күлімсіреп тұрмын». Сізге 1–8 сурет аралығында сапалы кадрлар ұсынылады. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, фотосуретті мүмкіндігінше дәл сипаттауға тырысыңыз.
Өз фотосессиямды қалай жасауға болады?
Қосымшада "Фотосессиялар" бөліміне өтіп, ұнағанын тақырыпты таңдаңыз. Нейрожелі сіздің әртүрлі позадағы 12 фотосуретіңізді жасайды.
Басқа суреттерді үлгі ретінде пайдалануға бола ма?
Әрине! Қосымшаға үлгі ретінде кез-келген суретті жүктеңіз. Нейрожүйе сол үлгіге сәйкес сіздің суретіңізді жасап шығарады.
Нейрофотосессия тегін бе?
Тіркелген кезде сізге базалық модельдермен 5 тегін генерация беріледі. Өз бейнеңізбен фото жасау үшін ақылы пакет қажет.
Тіркелгеннен кейін процесс қалай жүреді?
Тіркелу аяқталғаннан соң сервистің жұмыс сапасын тексеру үшін, базалық модельдерді қолдана отырып, сынақ ретінде суреттерді жасап көруге болады. Содан соң қолайлы тарифті таңдап, төлем жасайсыз. Фотоларыңызды жүктеп, модельді жаттықтыру процессін күтіңіз. Осыдан кейін өзіңіздің бірегей фотоларыңызды жасауға кірісе аласыз.
Пакетті қалай іске қосуға болады?
Төлемнен кейін пакет автоматты түрде белсендіріледі. Сіз бірден модельді үйретуді бастап, фотолар жасай аласыз.
Қазақ тілін қолдануға бола ма?
Иә, Facee қосымшасы қазақ тілін толықтай қолдайды.
Қандай фото түрлерін жасауға болады?
Контент сервистің ережелеріне (https://facee.kz/terms-of-service/) сай болуы керек.
Фотосуреттерден бөлек, дерексіз суреттерді немесе иллюстрацияларды да жасай аламын ба?
Ия, сіз кез-келген кескінді жасай аласыз, бірақ біздің қызмет сіздің қатысуыңыздағы сапалы фотосуреттер жасауға арналған. Иллюстрациялар жасау үшін басқа құралдарды пайдалануды ұсынамыз.
Сізде Telegram-бот қызметі бар ма?
Қазіргі уақытта Telegram-бот қызметі іске асырылмаған. Бот ұсынылатын қызметтің функционалдығы мен сапасын шектейді. Біз сайт қосымшасын сіздің қажеттіліктеріңізге байланысты, онымен икемді және ыңғайлы жұмыс істеу үшін одан әрі дамытамыз.
Төлемді қайтару мүмкін бе?
Төлемді қайтару тек модельді үйрету басталмай тұрып жасалуы қажет. Егер пайдаланбаған болсаңыз, [email protected] поштасына жазыңыз.
Төлем жасау қауіпсіз бе?
Иә, төлем сіздің төлемдеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін банк сервисі жағында жүргізіледі. Біз сіздің картаңыздың деректерін сақтамаймыз және оған қол жеткізе алмаймыз
Пайдалы мақалалар

Мәтін бойынша фото, үлгі фото бойынша суреттер және дайын ЖИ фотосессияларын қалай жасауға болатынын біліңіз.
20 февраля 2025 г.

Бұл мақалада біз фото бойынша ЖИ-фотосессияны небәрі бірнеше минут ішінде қалай жасауға болатынын айтамыз. Нейрожелі көмегімен мінсіз суретті қалай жасауға болатынын біліңіз.
30 января 2025 г.

Бұл мақалада біз нейрофотосессияның не екенін, оның қажеттілігі мен оны қалай жасауға болатынын түсіндіреміз. Жасанды интеллектті бірегей суреттер жасау үшін қалай қолдануға болатынын білетін боласыз.
6 января 2025 г.